Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 12 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрінің №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірден Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне оқуға қабылдау басталады.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті egov. kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата—аналардың өтініші /немесе оларды алмастыратын тұлғалар/;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3×4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.