07 Желт 2018
Жаңалықтар

Ғылым мен білімге ұмтылған жастар – келешегіміздің кемелі

2018 жылдың 29 қараша күні жастардың интеллектуалдық дамуына кепіл бола алатын, бәсекелестікке қабілетті сапалы білім деңгейіне жетуге күш салу, жан-жақты білікті маман болып шығу үшін ғылым мен білімді ұштастыру мақсатында Көксу ауылшаруашылық колледж базасында «Ғылым мен білімге ұмтылған жастар – келешегіміздің кемелі!» атты  Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының V аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» – деген халық даналығын мақсат-міндеттеріне айналдырған Кіші Ғылым Академиясының кезекті аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына осы жылы 5 жыл. Біздің колледжіміз үшін біраз жылды артқа қалдырған, ширек ғұмырдың жаңалығын бағындырған жемісті жылдар болса, Кіші Ғылым Академиясы үшін талай жастың білімін, зерттеушілік, ізденушілік қабілетін жаңалық пен шығармашылыққа толтырған әрі оларды ғылым жолына қанаттандырған табысты жылдар болды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының Алматы облысы бойынша директоры Коробова Людмила Александровна, Кіші ғылым академиясының Талдықорған аймағы бойынша жетекшісі Боранбаева Гүлфайрус Нұрсапақызы, облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Иманхатова Г.Ж., Немеребаев Е.С., Кыдыкенова Д.Ж., Аманбаев Ж.О., Идрисова С.Н., Далабаева Г.Б.,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрлары Сулейменова А.Ө., Рамазанов С.Ж. қатысты.

Конференция барысында жас ғалымдардың ғылыми–зерттеу жұмыстары ашық отырыста тыңдалды. Әділқазы алқалары  ғылыми  зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, автордың жеке қосқан үлесі, жұмыс бойынша шығарған нәтижелері мен ұсынымдарына ерекше көңіл бөліп өз қорытындыларын шығарды. Аймақтық конференцияға 14 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан  және 2 мектептен 123 жұмыс ұсынылды. Конференция қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика және астрономия, информатика, техника, өлкетану, биомедицина, спорт, құқық, экономика, география, туризм, мәдениеттану, этномәдениет, педагогика, этнопедагогика, психология, өнертану, тарих, саясаттану және әлеуметтану, химия, биология, экология, барлығы 26 секция бойынша жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде  комиссия мүшелері  үздік жұмыстарды анықтап, жеңімпаз білім алушылардың жұмыстарын облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсынды.

Көксу ауылшаруашылық колледжінен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 10 білім алушы қатысты. Тәжірибелі ұстаздар Бримбетова Айгүл Жанахметқызы мен Жүнісова Бейбітгүл Ауғанбайқызы дайындаған білім алушылар Мамедова Шынарым, Мұратқызы Аружан жүлделі 1-ші орынды иеленіп колледж ұжымын қуантты. Бұл білім алушыларымыз ҚР Кіші Ғылым Академиясының 2019 жылы наурыз айында өтетін облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жолдама алды. Жас мамандарымыз Бердіқожа Еламан Құрманжанұлы дайындаған білім алушы Тлепова Диляфруз жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Апимолданова Венера Мұхтарқызы, Жумасилов Жалғас Беделханұлы дайындаған білім алушылар Федорова Виктория, Тойгулова Сабрина 3-ші орынды иеленді. Қалған қатысушыларымыз алғыс хатпен марапатталды.

Ұлы академик Қаныш Сатпаев айтқандай ….біліміңді еңбек пен өмірдің  өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тат баспастан жылтырайда жарқырай береді-демекші жігерлі де жалынды жас ізденушілеріміздің ғылым жолындағы еңбектері тек биіктен көрінсін демекпіз.